ҚҰТТЫҚТАУ ХАТ
Құрметті !
Жәнібек аудандық ауруханасының ұжымы Сізді 1 қазан – қариялар күнімен құттықтайды.
Сіз бүкіл саналы өміріңізді халықтың денсаулығын сақтау саласына қалтқысыз жұмсап, аудандық ауруханада ұзақ жылдар бойы үздіксіз қызмет атқардыңыз. Сіздің кәсібилігіңіз бен зор тәжірибеңіз көптеген азаматтардың өмірлерінің сақталуына өз септігін тиігізіп, көптеген азаматтардың сауығып кетуіне мүмкіндік берді. Ауруханада жұмыс жасаған кезеңінде Сіз медицина ұйымының алдына қойылған ауқымды да жауапты міндеттердің іске асырылуына өз үлесіңізді қосып, денсаулық сақтау саласын одан әрі дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуына барынша атсалыстыңыз.
Бүгінде зейнеткерлік демалыста болсаңыз да, ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, жас мамандарды үйрету және оларға кеңес беру жұмыстарын жалғастырып келесіз.
Сондықтан да, ел игілігі үшін атқарған абыройлы қызметіңіз үшін зор алғысымызды білдіре отырып, зор денсаулық, ұзақ әрі баянды ғұмыр жасын, отбасылық амандық пен бар жақсылықтар тілейміз.
Игі тілекпен,
Жәнібек аудандық аурухана директорының м.а. Е.Сарсенгалиев
Жәнібек ауылы
1 қазан 2021 жыл
https://www.terekrb.kz/novosti-kz/411-zh-nibek-audandy-aurukhanasyny-zhymy-sizdi-1-azan-ariyalar-k-nimen-tty-tajdy.html#sigFreeId1454d0231e